« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Шиелі ауданындағы «Өскен өңір» газетінің шыға бастағанына 75 жыл толу мерекесі үлкен ауқымда аталып өтті.
Тарих қойнауынан сыр шертер басылым 1939 жылы алғаш «Стахановшы» атымен жарық көрсе, 1956 жылы Шиелі, Жаңақорған аудандары бір шаңырақ астында біріккен тұста «Коммунизм жолы» аталынды. Ал 1963 жылы Шиелі дербес аудан болып қайта құрылған кезінен бастап аталмыш газет «Өскен өңір» аталып, жұртшылықты жаңалықтарымен сусындатып келеді. Міне, үш ұрпақтың көзін көрген үнжария тәуелсіз елімізбен бірге жасасып келеді. Ауданның айнасы аталынған басылымда көптеген қаламгерлер тәрбие алып, олардың қайсыбірі еліміздегі танымал тұлғаға да айналып үлгерді.
Аудандық газеттің мерейтойына арналған жиын бірер жыл бұрын пайдалануға берілген газет редакциясының ғимараты қабырғасына осы газеттің алғашқы редакторы Мәді Молдыстамовқа арналған ескерткіш тақта орнату рәсімімен басталды. Онда аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлесе, еңбек ардагері, ақын Мәрия Жұматова тұрғындар атынан ризашылықтарын білдірді. Содан кейін жиынға қатысушылар белгілі журналистер С.Сейтенов, Д.Смайлов атындағы көшелер бойымен жүріп өтті, аудан өмірімен танысты.
Аудан орталығындағы «Салтанат сарайында» аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев бір топ еңбек ардагерлері мен журналистерге мерекелік медальдар тапсырып, басқа да марапаттау шараларын жасады. Жиын барысында облыстық «Сыр медиа» директоры Аманжол Оңғарбаев құттықтау сөз сөйлеп, ұжым атынан компьютер сыйға тартты. Еңбек жолын бір кездері осы аудандық газеттен бастаған Болат Күлімбетов және басқалар құттықтау сөз сөйлесе, ақын Сәрсенбек Бекмұратұлы өзінің жүрекжарды өлеңін оқыды. Соңынан мерекелік шараға арналған концерт қойылды.
Нұрмахан Елтай.
Шиелі ауданы
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |