Құрмет жасалды

Арал ауданында тағлымды шара ұйымдастырылды. Бұл күні Арал қаласы бойынша көше комитеттерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай, аудандық мәдениет үйінде «Туған жерім – тұғырым» атты мерекелік шара өткізілді.
Шара Арал ауданы аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мұнан тура 20 жыл бұрын қалада көше комитеттерін құру бастамасы көтеріліп, жұртшылық тарапынан қолдау тапқанын, халық пен билік арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғындардың маңызды мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды көздеген осынау қадамның өзін ақтап, көпшілік сенімін иеленгенін ықыласпен жеткізді.
Мұнан соң ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, туған қаласының көркеюіне үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтар әкімдігі мен мәслихаттың Құрмет грамотасы, «ҚР Экология саласына 30 жыл», «Қызылорда қаласына 200 жыл», «Алаш парызы» қоғамдық қорының «Бөкенбай Қарабатырұлы», Бауыржан Момышұлының атындағы «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Айта кетейік, бүгінгі таңда Арал қаласындағы 207 көшеде 141 көше комитеті жұмыс істейді.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
Арал қаласы.
АҚПАРАТ 03 маусым 2019 г. 338 0