« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жастар жылы аясында облыстық филармонияның камералық оркестрі мен Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің үрмелі аспаптар оркестрінің бірлескен концерті болып өтті. Онда кәсіби музыканттар классикалық шығармаларды, өткен жылдардағы танымал халық әндерін орындады.
Концерт үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының үзіндісінен бастау алды. Сондай-ақ, А.Бестібаевтың «Азия дауысы», Халық әні «Илигай», А.Бабаджанянның «Армянская серенада», А.Зацепиннің «Песенка о медведях», К.Дженкинстің «Палладио» және т.б. әлемдік композиторлардың шығармаларымен жалғасын тапты.
Осылайша, жанды дауыстағы классикалық әуен көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлап, бір серпілтіп тастады.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |