« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Енді санаулы күндерде соң ел болып Жеңіс күні мерекесін атап өтеміз. Бұл әдеттегі салтанатты шаралармен аталып өтетін көп мерекенің бірі емес. 9 мамыр – ел тарихындағы ең бір қасіретті жылдарды еске алуымызбен, сол жолда шейіт болған аға ұрпаққа тағзым етіп, бейбіт заман, ашық аспанға шүкіршілік етуімізбен аталып өтілетін ғибратты да мәнді күн.
Жалағаш кентінің орталық алаңында аудан мектептері әскери-патриоттық клубтарының Отан қорғаушылар күні және Жеңіс мерекесіне арналған ХІІІ аудандық слеті өтті.
Слетке кент және ауылдық округтерден барлығы 200 оқушы қатысты. Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев және бір топ ауған соғысының ардагерлері орталық алаңда орналасқан «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сұрапыл соғыстан оралмаған боздақтардың рухына құран бағышталып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мұнан соң орталық алаңда мектептердегі әскери-патриоттық клуб мүшелерінің саптық байқауы өтті. Дәстүрлі шараның маңыздылығына тоқталған аудан әкімі жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
– Ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-ғайыр жерімізді қорғап, байтақ мекенді бізге мұраға қалдырды. Жалағаш ауданының халқы да еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға лайықты үлесін қосуда, – деді аудан басшысы Қ.Сәрсенбаев.
Шара барысында патриоттық әндер орындалып, қоян-қолтық ұрыс әдіс-тәсілдері көрсетілді.
«СБ» ақпарат.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |