Сыбайластықтың жолын кесу мақсатында

Бүгінгі таңда Қазақстан ТМД елдері арасында жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Осыған сәйкес 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды, Жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасын, салалық жемқорлыққа қарсы 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, 2005 жылы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі бекітілді. 
Аталмыш заңнамалық актілердің мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністері туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне іскерлік сапаларына қойылатын талаптарды арттыру. 
Қоғамның жан-жақты дамуына кедергі келтіретін құбылыстардың бірі – сыбайласқан жемқорлық. Бүгінгі таңда аталмыш құбылыстың дамуы - ең жоғарғы сатысында тұр деуге болады. Себебі, ұйымдасқан қылмыс іспеттес сыбайластықтың да ұйымдасқан түрлері кездеседі. Негізінен «Сыбайлас жемқорлық» ұғымы латын тілінен аударғанда – «параға сатып алу», «пара» деген мағына береді. Жемқорлықты тудыратын маңызды факторлардың бірі болып - лауазымды тұлғалардың өз өкілеттілігін асыра пайдалануларынан туындайтыны белгілі. 
Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы басым бағыттарының бірі – ол сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу, болдырмау екендігі белгілі. Осы кезекте мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметкердің жұмысы, іс-әрекеті - шындық, айқындық адалдық, ашықтық принциптеріне негізделуі қажет. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында заңдылық аясында үнемі және жүйелі түрде жұмыс жасауға міндеттіміз. 
 Бүгінде халыққа сапалы қызмет көрсету және жемқорлыққа жағдай туғызбау мақсатында барлық салық органдарында «Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы», «Салық төлемгерлерінің терминалдары» қызмет атқарады. Онда жоғарғы салық органымен бекітілген тиісті құжаттарына сәйкес тәртіппен, салық төлемгерлеріне сапалы қызмет көрсету көзделген. Бұл шара салық маманының халықпен тікелей қарым-қатынасын болдырмай, электронды түрде ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді, яғни жемқорлық құқық бұзушылыққа әкеліп соқтыруына мүмкіндік тудыратын жағдайға жол бермеудің бірден-бір жолы. Осы тұрғыда (жоғарғы салық органының ұйымдастырылуымен) көрсетіліп жатқан қызмет сапасына жүргізіліп отырған мониторинг тәсілі де өз нәтижесін беріп, қызмет сапасының жоғарылауына оң әсерін тигізіп отырғаны айқындалды. 
Сонымен қатар, Салық басқармасының ақпараттық стенділерінде қызметкерлердің құқыққа қарама-қайшы келетін іс-әрекеттері туралы ақпарат жолдауға болатын электронды мекен-жайлар жөнінде мәлімет ілінген. Азаматтардың құқықтарын қорғау, салық органы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қызмет этикасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында басқармада 30-18-53 «сенім» телефоны жұмыс жасайды. Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарында және «Салық төлеушілер терминалында» арыз-шағым жәшіктері орналастырылған. Арыз-шағым жәшігінің электронды мекен-жайы да қызмет етуде.  
Аталған шаралардың барлығы да бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, алдын ала хабарландырулар беріледі. 2013 жылдың 9 айына бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалымен бірлескен (партия ғимаратында) азаматтарды қоғамдық қабылдаулар жүргізілді, семинар кеңестер өткізілді, республикалық және жергілікті басылымдарда 57 мақала мен хабарландырулар жарық көріп, радио телеарналар арқылы 34 сұхбат берілді.  
Салтанат ЕРЖАНОВА, 
Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бөлім басшысы. 


АҚПАРАТ 26 қазан 2013 г. 1 207 0