« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Алматы қаласындағы Қазақстанның Орталық коммуникациялар орталығында биылғы жылғы ҰБТ-ның қорытындысы туралы жиын өткізді.
Министр ең алдымен еліміз бойынша 2-8 маусым аралығында өткен ҰБТ-да ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген аймақтарды атап, өзінің жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Оның мәлімдеуінше, еліміз бойынша Алматы қаласы – бірінші, Астана қаласы – екінші, Ақтөбе – үшінші, Батыс Қазақстан облысы төртінші орынды иеленген, сосынғы кезекте Атырау мен Қостанай тұр. Биылғы тестілеуге барлығы 87600 түлек қатысқан, бұл тіркелген барлық оқушының 95 пайызын құрайды. Республика бойынша 13100 түлек немесе тестілеуге қатысқандардың 15 пайызы 100-ден жоғары балл жинады. Демек, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 3 пайызға өскен, орташа балл 76,9-ды құрады. Биылғы ҰБТ қорытындысымен ең үздік 10 мектеп белгілі болды.
– Орташа балл қалада ғана емес, ауылда да өсті, – деді министр. – Былтыр қалалы жерлерде орташа балл 79 болса, биыл ол 81 балды құрап отыр. Түлектердің көбі биология, физика, сосын география, шет тілі пәндерін таңдапты. Биыл қазақ бөліміне 34 мың грант қарастырылған, оның басым бөлігі техникалық, сосын аграрлық, медициналық және педагогикалық мамандықтарға беріліп отыр. Ал биылғы "Алтын белгіге” үміткер 4321 түлектің тек 1824-і, яғни 42 пайызы өз білімдерін дәлелдеп шықты, былтыр ол 34 пайыз болатын.
ҰБТ-да ең жоғары 125 балды еліміз бойынша төрт түлек иеленді. Олардың екеуі Алматы қаласындағы №159 гимназияның түлегі Әсия Марат пен №178 лицейдің түлегі Айғаным Әбдіжаппар, келесі дарынды қыздар Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп түлегі Ұлпан Ержанова мен Шымкент қаласындағы №23 орта мектеп түлегі Шахзода Ахметжанова. Сонымен қатар 20200 түлек немесе ҰБТ-ға қатысушылардың 23 пайызы 50 балдық межеден өте алмады. Солай бола тұрса да, бұл көрсеткіште ілгерілеу бар екенін баса айтқан жөн. Себебі, өткен жылы 27,5 мың оқушы немесе түлектердің 28 пайызы 50 балдық межеден аса алмаған-ды.
Білім және ғылым министрі келесі жылдан бастап ҰБТ тестілеуі талапкерлер үшін жеңілдетілетіндігін баса айтты. "Қазір біз айналысып жатқан ең басты бағыт білім саласының жаңғыруы мен жетілуі, демек, орта білім бағдарламасының сақталуы. Басты тапсырмалардың бірі – талапкерлер мен түлектерге тесті жеңілдету, яғни стрестік жағдайға дейін жеткізбеуге ұмтылу. Ендігі оқу жылында бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа дейін жаңа жүйе енгізетін боламыз. Ол өзгерістер халықаралық тәжірибені назарға алатын болады” дейді ол.
Министрдің айтуынша, ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.Олардың ұсынысы министрлік тарапынан жан-жақты талданып, екшелгеннен кейін барып Үкіметке таныстырылады, содан соң барып тәжірибеге енгізілетін болады.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |