КЛАССИКАЛЫҚ ӘН КЕШІ

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық филармония әртісі республикалық, халықаралық вокалистер конкурстарының жеңімпазы Назым Сағынтайдың классикалық ән кеші өтті. Кеште ҚР Мәдениет қайраткері К.Бота­баевтың жетекшілігімен Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

Назым үстіміздегі жылдың мамыр айында Ресейдің Волгоград қаласында өткен "Дельфийлік Волгоград-2014” атты І Еуропалық жастар дельфийлік ойындарында өнер көрсетіп, конкурстың "Алтын медалін” жеңіп алған болатын.

Өнер кешінде әнші өз репертуарындағы әндерді орындап, көрерменін жаңа орындауларымен қуантты.

М.МЕРЕЙ.
АҚПАРАТ 14 маусым 2014 г. 883 0