« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ш.Тілеулесов пен Г.Нұржанованың «Тал бесікпен тербетілген текті өнер» атты отбасылық концерті өтті.
Сыр елі мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан сахна саңлағы Шынберген Тілеулесов 1977 жылы Мәдениет басқармасының жолдамасымен Алматыдағы республикалық эстрада-цирк өнер студиясына түсіп, оны 1979 жылы Жүсіпбек Елебековтың сыныбы бойынша тәмамдайды. Осы жылы Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қызылорда облыстық филармониясына әнші болып қызметке қабылданды. Туған топырақтың киелі сахнасына қызмет еткелі 35 жыл болды.
Халықты әсем әнімен әлдилеген Күлжамал Нұржанова Алматы қаласындағы республикалық эстрада-цирк өнер студиясын 1979 жылы бітіріп, Мәдениет министрлігінің жолдамасымен филармонияға әнші болып қабылданады. Өнер иелері қатар жүріп Қазақстанның барлық өңірінде және көршілес Өзбекстан, Қарақалпақстан, Тәжікстан республикаларында гастрольдік сапарларда болып қазақ мәдениетін дәріптеді, ұлттық өнерін насихаттады. Кең диапазонды қоңыр үнімен көрерменінің көзайымына айналды.
Тал бесіктен өнер көгін тұмарлап, шаңырақ шаттығын әнмен әрлеген, жан шәрбаты өнерге шөлдеген, тегінен талант теңдеген Тілеулесовтер отбасының кешінде өнер иелерінің балалары Алмас, Айгерім, Назым Тілеулесовалар, келіні Аягөз және Шынбергеннің төл шәкірті Бақдәулет Қарғабаевтар өнер көрсетті.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |