« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Салауатты өмір салтын насихаттау, ана мен бала денсаулығын нығайту мақсатында С.Сейфуллин ауылында "Толағай” атты отбасылық сайыс өтті.
Сайысқа С.Сейфуллин аулынан "Ақ көгершін”, Тереңөзек кентінен "Қыран”, Қалжан ахун елді мекенінен "Болашақ” отбасылық топтары қатысты. Олар алты кезең бойынша жарысқа шығып, бақ сынады. Қайсыбір сайыста болмасын қырағылық пен тапқырлықтан көпшілікті тәнті еткен "Ақ көгершін” атты отбасылық топ бас бәйгені қанжығаларына байласа, тереңөзектік "Қыран” отбасы екінші, ал Қалжан ахун аулынан ат басын бұрған "Болашақ” командасы үшінші орындарды иеленді.
Отбасылар сайысының өткізілуіне аудандық ішкі саясат бөлімі қолдау көрсетсе, "Сырдария ауданының әйелдері” қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйақылар табыс етілді.
«Іңкәрдария» ауылында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен аудандық «Мирас» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Таза ауыл» акциясы өткізілді.
Шара барысында «Жасыл ел – жас түлек – 2014» атты ауылдың мектеп бітіруші түлектерінің ағаш отырғызу рәсімі болды. Осы күні ауылға 2000 қаламша егіліп, 24 шаршы метрдің көлемінде күл-қоқыс шығарылып, көшелер тазартылды.
Аудандық медицина саласының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Әрқашан күн сөнбесін...” атты салтанатты шара болып өтті.
Игілікті шараның ашылу салтанатында аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Ш.Ізетов сөз алып, жас бүлдіршіндерге деген өзінің аталық ақ тілегін алғаусыз жеткізді.
Шара барысында бүлдіршіндер тақпақ пен ән айтудан, мың бұрала би билеуден, түрлі ойындар өрнектеуден сайысқа түсіп, ата-аналарын қуанышқа кенелтті.Жеңімпаздарға түрлі ойыншықтар, тәттілер мен балмұздақтар үлестірілді.
Сондай-ақ, Тереңөзек кенті мәдениет үйінде де "Бала – бейбіт өмір лебі” атты мерекелік іс-шара өткізілген. Оның мақсаты – көз мүгедектері балаларына қамқорлық қолдарын созу болатын. Бұл шараға аудан аумағынан ондаған зағип жандар қатысып, игілікті іс-шараға өз ризашылықтарын жеткізді.
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |