« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қызылорда облыстық мәслихатының экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат Қ.Әжібековтың төрағалық етуімен2013 жылға арналған облыстық бюджеттің түсімдері мен шығыстары бойынша атқарылуы жөнінде талқылау болып өтті.
Оған облыстық мәслихат депутаттары және облыстық басқармалар басшылары қатысты. Талқылауда әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарына сәйкес халықтың әл-ауқаты мен оларға қызмет көрсету деңгейін арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарының жалғасатындығы айтылды.
Облыстық қаржы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Т.Жақыпбаев бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық түсіндірме жасады. Ол өз сөзінде 2013 жылы түзетілген облыстық бюджеттің кірістерболжамы 100,4 пайызға орындалып, 63722,7 мың теңгеге артқандығын айтты. Сонымен қатар, облыстық басқармалар тарапынан игерілмей қалған қаржылардың жайына шолу жасады. 2014 жылдың басында жергілікті бюджет қаражатынан 7490,8 мың теңге дебиторлық, 1477,5 мың теңге кредиторлық қарыз қалыптасқан. Дебиторлық қарыздардың негізгі себептері мердігер мекемелердің өз жұмысын дұрыс орындамауы жәнетауарлардың уақытылы жеткізілмеуі болып табылады.
Тұрақты комиссия төрағасы Қ.Әжібеков облыстағы былтырғы жылдың дебиторлық және кредиторлық қарыздары бар мемлекеттік мекемелерді атап өтті. Отырыс барысында облыстық мәслихат депутаттары басқарма басшыларына сұрақ қойып, өздерінің осы бағыттағы ұсыныстарын ортаға салды.
Қызылорда облыстық мәслихатының
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |