«СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ» ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Кеше еліміз бойынша аймақтар арасында тұңғыш рет облыс әкім­дігінде «Ситуациялық ор­талық» атты талдау жүйесінің тұсаукесері кесілді.

«Ситуациялық орталық» бір жүйеде орналасқан визуалды ақпараттық құрылғы.Бес бағыт бойыншақолданыста бар ақпарат көздерінің негізінде саралау жүргізеді. Кез келген параметрлер арқылы өзара байланыстарды табуға мүмкіндік береді. Flipbox құрылғысымен жұмыс істейтін электронды әкімдік басқа облыстарда әлі қолданысқа енгізілген жоқ.

Аймақ басшысының қолдауымен ашылған орталық облыстың мониторингі мен әлеуметтік-экономикалық сараптамасын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, облыстың даму жоспарына өзгерістер мен жүзеге асуын қадағалайды. «Ситуациялық орталық» облыс әкіміне жылдам түрде статистикалық қорытындыны беруге мүмкіндік береді. Жиырмадан астам маман орталықтағы ақпараттарды қамтамасыз етіп отырады.

Тұсаукесер шарасына облыс әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігі бас­шысының орынбасары Ғ.Әбді­рахымов қатысты.
АҚПАРАТ 14 маусым 2014 г. 1 082 0