ҰЛТЫН СҮЙГЕН АРҚАЛЫ АЗАМАТ

ҰЛТЫН СҮЙГЕН АРҚАЛЫ АЗАМАТ

Аптаның бейсенбісінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков оқырман қауыммен жүздесті. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, депутаттар мен "Нұр Отан” партиясының мүшелері, кітапханаоқырмандары мен студенттер қатысты.

– Қазақ ұлтының жоғын жоқтап, кемшін тұсын түзеуге атсалысып жүргенғалым, қоғам қайраткеріМырзатай Жолдасбековтің өз ата-бабасының қаны тамған Сыр өңіріне ат басын тіреуі біз үшін үлкен қуаныш,– деді кездесудiң кiрiспе сөзiн алғанҚызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Бағдат Кәрібозов. – Әрине, ол кісіні бәріміз де әдебиетші-ғалым, қоғам қайраткері ретінде жақсы танимыз. Қазақәдебиетінің тарихын қаузаған, түрікқағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізген, ұзақ жылдар бойы ұмыт қалған айтыс өнері мен Наурыз мерекесін өмірге қайта әкелуге атсалысқан, жамбылтанушы Мырзатай ағаның ел тарихына, әдебиет тарихына қосқанеңбегі өлшеусіз.

Ұлтын сүйген арқалы азамат1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, сонда қызметке қалдырылды. Қазақ әдебиеті кафедрасындаассистенттіктен басталған ұстаздық жол оныфилология факультетінің деканы дәрежесіне жеткізді. Одан кейін Талдықорғанпединститутының ректоры, оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Орталық комитетіндебөлім меңгерушісі, ҚР-ның Иран Ислам республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Сыртқыістер министрі жанындағы Дипломатиялық академияныңректоры қызметтерін абыройлы атқарды. Қай қызметте де ол өзін елін сүйген ұлтжанды азамат ретінде көрсете білді.

Сыр бойының әр жастағы өкілдерімен кездесуде сөз алған қоғам қайраткері, "Асыл арналар”, "Шіркін дәурен”, ”Тәуелсіздік тағылымы”, "Кісілік”, "Асылдарым” және басқа бірнеше кітап авторы Мырзатай Жолдасбеков ресми емес бұл сапарының мақсатын айта келіп, өзінің өмір жолын, отбасы мен ұрпақтары жайында, бүгінгі заман жастары төңірегінде кеңінен әңгіме өрбітті.

– Мен МұхтарӘуезов, Бисенбай Кенжебаев, Мұхамеджан Қаратаев, Зейнолла Қабдолов, Өзбекәлі Жәнібеков сынды қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматтармен бірге қызмет істедім. Жамбыл, Кенен, Әбділда ақындармен сыйластым,– деді ол.– Бұл кісілерден бөлек өз ұлты үшін отқа да, суға да түсуге бейім талай жандармен қатар жүрдім. Бүгін мені осындай дәрежеге жеткізген ағаларыма, тұстастарыма алғыстан өзге айтарым жоқ. Мен сол асыл ағалардың атқосшысы болғанымды өзіме бақыт санаймын. Сонымен қатар өзімнің үмітімді ақтаған Қырымбек, Иманғали сынды шәкірттерімді мақтан етемін.

Елі ардақтаған азамат жүздесуге келген көпшіліктің қойған сауалына жан-жақты, тұшымды жауап бере отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы, ел тарихын, әдебиет тарихын қалпына келтірудегі кездескен қиыншылықтар, алғашқы қол жеткізген жетістіктер жөнінде ашық әңгімеледі. КездесудеҚызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Қазыбай Құдайбергенов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ержан Уәйіс, зейнеткер Тазагүл Сейітжанқызы сөз алып, ғалымның жұртшылыққа беймәлім қасиеттерін, кісілігі мен кішіпейілдігін еске түсірді. Жарты ғасырдан астам уақыт бірге өмір сүріп келе жатқан Мырзатай аға мен Мариям апайға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тіледі.

Қызықты да тартымды өткен кездесуге жиналғандар Кенен Әзірбаевтің, Мырзатай Жолдасбековтің әндерін тыңдады. Мырзатай аға өзінің бірнешекітабы мен ән таспасын кітапхана қорына табыс етті.

 

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
АҚПАРАТ 14 маусым 2014 г. 1 066 0