ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департа­ментінің басшысы ауысты.

ҚР Қорғаныс министрінің №231 бұйрығы және аймақтық қорғаныс кеңесінің төрағасы - Қызылорда облысы әкімінің келісімімен департамент басшысының міндетін атқарушы болып Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы тағайындалды.

Генерал-майор Әлімжан Ер­ния­­зов 1955 жылы Қызылорда об­лысында дү­ниеге келген. 1977 жылы Алматы жоғары жалпы әскери ко­мандалық учи­лищесін бітірген ол кейіннен М.В.Фрунзе атындағы ака­демияда білім алды. 2001 жылы РФ Қарулы күштері Бас штабының академиясын тәмамдаған.

1980-1981 жылдары Ауған соғысының отты жолдарынан өткен ол «Қызыл жұлдыз», 3 дәрежелі «Отан алдындағы қызметі үшін» ордендерімен және 8 мерейтойлық медальдармен наградталған.

Жаңа қызметке дейін ҚР Қарулы күштері Бас штабының әскери дайындық департаментінің басшысы қызметін атқарған.
АҚПАРАТ 12 маусым 2014 г. 895 0