БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН

12маусым – "Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы” күрес күні. Осы­ған орай облыстық білім, ішкі істер, ішкі сая­­сат басқармалары ақпараттық науқан ұйымдастырды.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне сүйенсек, 5-17 жас аралығындағы 218 миллионға жуық бала өздерінің жасына сәйкес келмейтін жұмыс істейді және осы балалардың үштен екіге жуығы еңбекті қанаудың ең ауыр түрлеріне тартылған. Науқанның жаз айында өткізілуінің бірден-бір себебі – бұл кезең балалар мен жасөспірімдердің жұмысқа көптеп орналасатын уақыты.

Рейд барысында "Бумер” көлік жуу орталығында кәмелет жасына толмаған 17 жастағы мектеп оқушысы, орталық базарда сусын сатып отырған 15 жастағы №233 мектептің оқушысы, киім саудасын жүргізіп отырған 17 жастағы колледж студенті мен №5 мектептің 15 жастағы оқушысы кездесті.

– Науқанды ұйымдастырудағы мақсат бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, сонымен бірге адам саудасын, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Науқан аясында "Түнгі қаладағы балалар”, "Жасөспірім”, "Көше” атты кең ауқымды шаралар ұйымдастырылды, – дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Шолпан Жүнісова.

Айта кетейік, аталмыш шара "Біз Қазақстан балаларымыз!”, "Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” атты бүкілқазақстандық акция шеңберінің негізінде жалғасуда.

 

Назерке БАЙДІЛДАЕВА,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті.
АҚПАРАТ 10 маусым 2014 г. 3 760 0