« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Сенбі күні Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы№168 орта мектепке Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері И.Әбдікәрімовтің есімі беріліп, қоладан құйылған бюсі салтанатты түрде ашылды. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Парламентінің депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.
– Қазақта «ақ түйенің қарны жарылған күн» деген нақыл сөз бар. Бүгінгі, ақжарма қуанышты сәт, белгілі қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімұлының есімін беру туралы жасаған ұсынысымыз Республика Үкіметі тарапынан қолдау тауып, ағамыздың туып-өскен құт мекені Қожакент ауылындағы №168 орта мектепке Исатай Әбдікәрімовтің есімі беріліп отыр. Халқы қадірлей білген азаматтың есімін иелену – жас ұрпақ үшін, мектеп ұжымы үшін үлкен жауапкершілік. Осы мектептен Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосатын, ел дамуына қалтқысыз қызмет ететін білімді ұрпақ тәрбиеленіп шығарына сенемін, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Киелі Сыр топырағында дүниеге
келіп, Ұлы Отан соғысынан от кешіп оралған Исатай Әбдікәрімов майданнан кейін
ел тұрмысын түзеу жолында аянбай еңбек етті. Ол Шиелі, Қармақшы, Жалағаш аудандарын басқарып, шаруашылықтың сан
саласында шыңдалды. Облыстық партия комитетіне басшылық жасап, кейін Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы болып тағайындалды. Қай қызметте жүрсе де,
өзінің қайраткерлік қабілетін көрсете білді.
Ұлағатты шарада И.Әбдікәрімовтің әріптес шәкірті О.Сәпиев естелік айтса, ақын А.Сопыбеков ағасына өлең жолдарын арнады. Қоғам қайраткері С.Сартаев «Исатай Әбдікәрімов жастық шағында да, өмірінің соңында да, тауқыметтің ауыртпалығын көп көрсе де, еліне, халқына қызмет жасауға келгенде Отанына, туған жеріне деген перзенттік борышын адал орындады» деп пікір айтты. Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Ыдырысов толымды ой, тұшымды сөз арнады.
Расында И.Әбдікәрімов облысты
басқарған жылдары Сыр өңірі егіншіліктен экономикасы ілгерілеген аймаққа
айналды. Осы кезеңде аймақта өнеркәсіп қарқынды дамыды. Тоқылмайтын маталар
фабрикасы, күріш шаруашылығы машиналарын жасау зауыттары ашылды.
"Бақ пен тақ таласқанға бұйырмайды, халықтық іске жарасқанға бұйырады” деп Елбасы айтқандай, үлкен жүрек пен терең ақыл-ойдың иесі, білікті басшы И.Әбдікәрімов кейінгі ұрпақ үшін, Сыр өңірі үшін көптеген игілікті істер атқарды. Халықтың мәдени-рухани дамуы мен саяси-қоғамдық өміріне өлшеусіз еңбек сіңірді. Барлық уақытта елімен бірге болды, халықтың қадірін білді, сүйікті ұлына айналды. Және мәңгі ел жадында қала бермек.
Шара соңында жиылғандар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойысып, қайраткер рухына арналған асқа қатысты.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |