« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Кәсіпкерлік саласында маңызды жобаларға басымдық берілмек. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру тетігі қарастырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Даму» қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал өкілдері айтты.
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша үздік атанған аймақта жылдан-жылға шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны артып келеді. Қуантарлығы, нақты жұмыс жүргізіп жатқандар қатары көп. Өткен жыл қорытындысында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар 12 процентке өскені байқалған.
– Тұрғындардың кәсіпкерлікке ден қоюына өңірімізде кәсіпкерлік бастаманы қолдау, қолайлы жағдай жасау және қаржыландыруды жеңілдету ықпал етті,– деген филиал директоры Алмат Тастанов шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін атап айтты.
Кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие бағдарлама – «Бизнестің жол картасы 2020». Тұрақты жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орындарын құру, экономиканың шикізаттық емес секторында кәсіпкерліктің тұрақты өсуін көздеген бағдарлама жеңілдігін іскерлер мақсатты пайдаланып келеді.
«Нұрлы жер» бағдарламасы құрылыс саласындағы кәсіпкерлер үшін тиімді. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда көш басында келеміз. Ал, ісін жаңа бастағандарға «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы көмек болуда.
Брифингте маңызды жобаларды несиелеудің жаңа тетігі жайлы да айтылды. «Даму» қоры АҚ-ның жергілікті филиалының мониторинг департаменті директоры Талғат Смағұловтың айтуынша, мұнда өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге басымдық берілген. Бұл мақсатта 2018-2020 жылдары екінші деңгейдегі банктерді қаржыландырудың жалпы көлемі 600 млрд теңгені құрайды. Өңдеу саласы бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін арзан несие және субсидиялау қарастырылған.
Маңызды жобаларды қолдау ел экономикасын алға жылжытуға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |