АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІ

Республика соттарында іс жүргізу 2007 жылдан бастап «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесіне» көшірілді. Оның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру болып табылады.

Соңғы жеті жылда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен еліміздің соттарында аудио-бейне жазба жүйесін қондыру шаралары қолға алынып, ол іс жүзінде қолданып келеді. Соның бір айғағы –Байқоңыр қалалық сотында да сот процестерін аудио-бейне жазу жүйесімен қарау қамтамасыз етілген. Соттың үлкен мәжіліс залында 5 микрофон және 4 камерадан тұратын аудио-бейне жазба құралымен істерді қарау – судьяларға сотта іс жүргізу заңнамаларында көрсетілген іс қарау процедурасының сақталуына және сот ісінің барлық қырларының толық және нақты баяндалуына жәрдемдеседі. Жүйенің негізгі ерекшелігі – сотқа жүгінген халықтың сенімін нығайтуға, сот отырысы хатшыларының жұмысын жеңілдетуге арналған. Сондай-ақ сот процестерін аудио-бейне жазба қондырғыларын пайдалану арқылы жүргізу қатаң есепке алынып отырады.

Сонымен бірге сотта азаматтарға тез арада қажетті ақпарат алуға мүмкіншілік беретін ақпараттық-анықтамалық киоскі орнатылған. Оған бекітілген қызметкер жүгінген әрбір азаматты сұрақтары бойынша толық ақпараттандыра алады. Сот жүйесіндегі бұл игі істердің барлығы да халықтың игілігі үшін, олардың сотқа көзқарасын арттыру мақсатында жасалынып отырған шаралар.

 

Асанхан ЖҰБАТХАНОВ,

Байқоңыр қалалық сотының кеңсе меңгерушісі.
АҚПАРАТ 07 маусым 2014 г. 799 0