ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП ЖОБА

Елімізде заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өтініштердің қаралу барысының айқындылығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерге алғышарт ретіндегі шенеуніктер мен азаматтардың жеке қарым-қатынасын болдырмауды көздейтін «Айқын» жобасын әзірледі.

Бұл жоба жеке және заңды тұлғалардың өз өтініштерін мемлекеттік органдардың нақты уақыт тәртібінде қарау барысын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, әркім өз өтініші бойынша құжатты қарау мерзімдерінің бұзылу деректерін де қоса бақылай алады. Жобаның мақсаты мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысын нақты уақыт режимде тұрақты түрде жұртшылықтың бақылауын және прокуратура органдарының қадағалауын жүзеге асыру болып табылады.

Өтінішті мемлекеттік органға өз қолымен берген жағдайда өтініш беруші оны қабылдаған кеңсе қызметкерінен 18 таңбалы бірегей нөмірі бар талон алады.

Өтініштің қаралу барысы және нәтижелері туралы ақпаратты - 8 800-080-7777 (стационарлық), 1414 (ұялы) нөмірлеріне қоңырау шалып және операторға талон нөмірін беріп немесе 1012-ге талон нөмірімен SMS - хабарлама жіберіп (барлық байланыс операторларына 15 теңгеден) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің http://service.pravstat.kz сайтына кіріп, «Мемлекеттік органдарға өтініш» бөлімін таңдап, талон нөмірін теріп алуға болады. Осы тәртіп бұзылған жағдайда 115 нөмірі арқылы ҚР Бас прокуратурасының Саll - орталығына хабарласыңыз.

Заманауи ақпараттық жүйе – «Айқын» жобасын енгізу сыбайлас жемқорлықты жоюға ғана емес, сыбайлас жемқорлық әрекеттердің барлық алғышарттарының алдын алуға жәрдемін тигізіп, бұл өз кезегінде азаматтардың конституциялық құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз етеді.

А. КӨПБОЛСЫН,

ҚР БП құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

Комитетінің облыс бойынша

басқармасының бас маманы.
АҚПАРАТ 07 маусым 2014 г. 867 0