« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Кеше Қызылордада "Сырдария” лагерінің ашылу салтанаты болды. Отыз шақты жыл бұрын құрылған тынығу орнында жыл сайын 1000-нан астам бала тыныға алады. Балғындардың бос уақытын қызық өткізуі үшін интеллектуалдық, спорттық сайыстар көптеп өткізіледі.
Лагерьдің есігі 1 маусымнан 23 тамызға дейін ашық. 5 маусымда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың, ал 2 маусымда мұғалімдер мен дәрігерлердің балалары тыныға алады. Қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаев салтанатты шарада:
– 9 ай бойы оқудан бас көтермей, түрлі пәндерден келетін қиын да қызықты тапсырмаларды орындап, білім көкжиектеріңізді кеңейттіңіздер. Келесі оқу жылына жақсы көңіл-күймен, шаршамай барасыздар, лагерьде көптеген достар табасыздар деп сенемін. Жазғы демалыстарыңыз есте қаларлықтай болып өтсін, – дей келе, лагерь ұжымына алғысын білдірді.
Айта кетейік, биыл демалыс орнын жөндеуге 3,9 млн. теңге бөлінсе, оның 1,9 млн. теңгесі материалдық базасын нығайтуға жұмсалған.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |