| « Қазан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||
Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нәтижелері жақсы екенін айтты.
– Жалпы, қор қызметінің қорытындылары басқа жылдармен салыстырғанда өте жақсы. Акционерлік қоғамның барлық компаниялары жылды табысты аяқтап, кірістерін арттыра түсті. Сонымен қатар, қордың басқару деңгейлері жоспарлы түрде оңтайландырылды, – деді Елбасы.
А.Есімов Мемлекет басшысына қор активтерін жекешелендіру барысы, «Қазақтелеком» және «Air Astana» компанияларын IPO-ға шығару жоспары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының «Сарыарқа» газ құбыры магистралін салу жұмыстарын қаржыландыру ісіне атсалысуы жөнінде баяндады.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
| « Қазан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||