БIЗ БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАН

Сонау 1954 жылы Бүкіләлемдік ұлттар ұйымының бас ассамблеясында Рубаб Мансурдың тарапынан балалар күнін атап өту туралы ұсыныс жасалып, олкелесі жылдың қазан айында Женева қаласындағы балалар ұйымының ықпа­лымен дүниежүзі бойынша аталып келеді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебебап кітапханасында "Біз бақытты балдырған” мерекелік шарасы өтті.

Кітапханадағы мерекеге қала ор­та­лығындағы орта мектептер мен "Олимп” балалар орталығының, Бай­қоңыр қаласының "Бегім ана” және "Сәулет - Нұрайы” балабақшаларының бүлдіршіндері, мүмкіндігі шектеулі балалар, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Шара барысында балалар ән шырқап, би билеумен қатар көркем сөз де оқыды. Мереке соңы кітапханадағы "Әрқашан күн сөнбесін!” атты кең көлемді кітап көрмесін тамашалаумен, кітапханаға шағын саяхат жасаумен тәмамдалды.

Бала – әр үйдің шамшырағы, берекесі мен мерекесі, ата-ананың көз қуанышы.Отбасына бақыт нұрын төгіп, айналасына қуаныш сыйлайтын да осы бал тілді балдырғандар. Әрбір шаңырақтан шат-шадыман сәбидің күлкісі кетпесін деп тілейміз!

 

Назерке БАЙДІЛДАЕВА,

Қорқыт Ата атындағы

ҚМУ-дың студенті.
АҚПАРАТ 05 маусым 2014 г. 1 267 0