2-4 маусым – биылғы оқу жылында
орта мектепті бітіріп, жаңа
өмірге жолдама алатын 11 сынып оқушыларының мемлекеттік сынақ тапсырған сәтті
күні. Ұлттық бірыңғай тестің алғашқы
күні облыс бойынша 30 мектеп түлегі өз
бақтарын сынады. Сол күні №11 және №136
мектептің екі түлегі 122 балл жинап, жоғары көрсеткішке ие болды. Ал 35
түлек ұстаздары мен жақындарының үмітін
ақтап, "Алтын белгісін” қорғап шықты.
Алғашқы күні 169 түлек 100-ден жоғары
балл жинады.
ҰБТ-ның кешегі сынағына қаладағы 16 орта мектептің түлектері кірді.