СУ ЖҮЙЕЛЕРІ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

Жуырда Шымкент қаласында "Қазақ Суарнажоба” акционерлік қоғамы "Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту, оларды салу жөніндегі өзекті мәселелер” атты III көшпелі семинар өткізді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың мүдделі өкілдері мен өндірістік және жобалау мекемелерінің қатысуымен өткен семинар "Карлскрона” ЖШС қолдауымен өткізілді.

Жиында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жобалау жұмыстарының сапасын жақсарту, заманауи материалдар мен жабдықтарды пайдалану, жаңа өндіріс орындарын ашу мен отандық өндірушілерді қолдау мәселелеріне қатысты сұрақтар талқыланды.

Семинардың өзектілігіне байланысты арнайы қарар мен отандық өндіру­шілерді қолдау жөнінде кешенді шаралар жасау мақсатында үндеу қабылданды.

Ашық әрі тиімді диалог алаңы ретінде өткен семинарды қатысушылар жоғары бағалады.

Нұрбек Сағадат.
АҚПАРАТ 03 маусым 2014 г. 720 0