« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Шығармашылық үйінде орналасқан коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Мэлс Жұбатқанов, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау” қоғамдық бірлестігінің президенті Серік Теңізбаев, "Қызылорда кәсіпкерлер ассоциациясы” қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Клара Жанғабылова және "Кәсіпкер” ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Әшімов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.
Онда қатысушылар тұтынушылардың құқығын қорғаудағы мемлекетіміздің ұстанып отырған саясаты, енгізілетін өзгерістер мен осы бағытта қолға алынып жатқан шаралар туралы әңгімеледі.
Мемлекет басшысының 2013 жылғы қарашадағы Жарлығына сәйкес ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі құрылып, бірнеше міндеттердің жүктелгені белгілі. Атап айтқанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету. Мэлс Жұбатқановтың айтуынша, осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында негізгі алты бағыт айқындалған. Соның бірі – тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа жүйенің дайындалуы. Оған қоса, тұтынушылардың білімін жетілдіру мақсатында мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында міндетті курстар енгізілмекші екен. Сондай-ақ, мамандардың мәлімдеуінше, жеке кәсіпкерлерге берілетін рұқсат құжаттарының түрлерін азайту, өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды мейлінше қысқарта отырып, оңтайландырылған санитарлық ережелерді бекіту қолға алынбақшы және тұтынушылардың сұрақтарына жедел түрде жауап беру мақсатында әрі агенттік жұмысын тиімді жүргізу, тұтынушыларға қолжетімді болу үшін "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі” ақпараттық-коммуникациялық жүйе іске қосылады деп күтілуде.
Агенттік жұмысының бір парасы жоғарыда айтып өткеніміздей, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты сақтау екені белгілі. Осы орайда облыс көлемінде ағымдағы жылдың төрт айында тұрғындар арасында құрөзек, сіріспе, көкжөтел, сал, іш сүзегі, қылау және қызамық аурулары тіркелмеген. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бактериалдық дизентерия ауруы – 5 жағдайға, вирусты гепатиттер тобы, сальмонеллез жұқпасы – 1, ротавирусты энтериттер – 23,8 пайызға төмендеген. Керісінше, жұқпалы жедел ішек аурулар тобы – 1,7 есеге, тамақтан улану жағдайлары – 1,6 есеге, қызылша 9 жағдайға артып отыр. Туберкулез ауруының 249 жағдайы тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 13,7 пайызға, өлім-жітім көрсеткіші 1,6 есеге төмендеген. Алайда, мамандар туберкулез инфекциясы 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3,2 есеге, жасөспірімдер арасында 11,9 пайызға жоғарылап, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсызданып отырғанын жасырмады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма ауруы тіркелмеген.
Жеке тұлғалардың өтініштеріне, прокуратура органдарының сұраныстарына сәйкес санитарлық химиялық көрсеткіштерге орталықтандырылған ауыз су нысандарынан 192 сынама алынып, оның 17-сі санитарлық талаптарға сай келмеген. Бұл 8,8 пайызды көрсетуде. Бактериологиялық көрсеткіштерге 242 тағам үлгісі алынып, оның 10-ы, яғни, 4,1 пайызы талапқа сай болмаған. Сондай-ақ, басқосуда мамандар облыс көлемінде соттың шешімімен жұмысы тоқтатылған бірнеше базарлардың әлі де болса заңсыз жұмыс істеп жатқанын айтты. Оған қоса, стихиялы түрде жұмыс жасайтын базарлардың да бар екенін тілге тиек етті. Өкінішке орай, ол базарларды жауып, жұмысын тоқтатуға тиісті мекеме қауқарсыз болып отыр.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |