ЖАС ҰСТАЗДАР ЖАРЫСЫ

Ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру, ең алдымен, мұ­ғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты екендігі еш дәлелдеуді қажет етпейді. Осыған орай мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Қызылорда қаласындағы №101 орта мектебінде, мектеп ди­ректорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р. Әбеко­ваның ұйымдастыруымен «Жаңаша мектепке – қазіргі заманғы мұғалім» тақырыбында жас педагогтардың мектепішілік байқауы болып өтті.

Байқау мектептегі жас мамандармен жұмыс жүргізе отырып, олардың өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыруды, интеллектуалдық қабілет-қарымын дамытуды, кәсіби шеберліктерін анықтауды, жас мамандарды өзін-өзі тәрбиелеуге бейімділігін дамытуға үйретуді көздейді.

Өз мамандықтарын дұрыс таңдап, еңбек жолын жаңа бастаған жас ұстаздар К.Бабасова, Б.Құлмағанбетов, Ә.Майлыбаева, Б.Гүлімбетова, Р.Темірханова, Г.Әбдінабиева, Ж.Алудаева байқау жүлделдерін иеленді. Егеменді еліміздің туын биікке көтерер шәкірт тәрбиелеудегі жолдарын енді бастаған жас ұстаздарға мектеп ұжымы игі тілектерін білдірді.

 

Гүлмира Әбдірейімова.
АҚПАРАТ 31 мамыр 2014 г. 1 078 0