ӨНЕРЛІНІҢ ҚОЛЫ АЛТЫН

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Педагогика және кәсіптік оқыту» кафедрасының ұйымдастыруымен «Көркем сурет» тақырыбы аясында сурет көрмесі өткізілді.

Бұл көрмеге «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы студенттерінің өздері дайындаған 50-ден аса майлы бояулармен салынған «Пейзаж», «Натюрморт», «Плакат» жанрлары бойынша жасалған жұмыстар қатысты. «Қорқыт», «Ауылда», «Үміт» деп аталатын туындылар көпшілік көңілінен шықса, «Немере», «Натюрморт», «Күзгі бақ» тақырыбындағы жұмыстар жоғары бағаланды.

Көрменің шешуші кезеңінде шеберліктерімен көзге түскен Ә.Ержа­нова, А.Қабылова Б.Ибраеваға, басқа да қатысушыларға әр түрлі номи­нациялар бойынша марапат қағаздары табысталды.

Кеш қонағы Қазақстан Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Б.Қалназаров көрмеге қатысушыларды құттықтап, аянбай еңбек етіп, өнердің биік шыңына жетудің жолдарын өз іс-тәжірибесімен ұштастырып түсіндірді. Көрмені ұйымдастыруға Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, институт оқытушысы Е.Ізбасқанов, кафедра оқытушылары үлкен еңбек сіңірді.

М.МЕРЕЙ.
АҚПАРАТ 31 мамыр 2014 г. 1 704 0