КИЕЛІ ЖЕРЛЕРГЕ САПАР

КИЕЛІ ЖЕРЛЕРГЕ САПАР

Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінің елуге тарта еңбек ардагері ма­мыр айының екінші онкүндігінде Арыс­тан баб басына зиярат етіп қайтты.

Аталмыш кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Орақбай Жеңсікбайұлының ай­туынша, зиярат ету Шиелі өңіріндегі "Оқ­шы ата” мазарынан басталыпты. Алыс жолға сенімді "Сетра” автокөлігімен діт­теген жерге шаршамай жеткен жүр­гіншілер арнайы мал шалып, баба рухына құран бағыштады.

Қайтар жолда қызылордалықтар ки­елі Түркістан шаһарына аялдап, Қожа Ах­мет Яссауи кесенесінде болды. Қасиетті топыраққа жерленген қазақтың игі жақ­сыларының рухына тағзым жасады.

Ардагерлердің есте қаларлық бұл са­парына Белкөл кентінің әкімі мен осын­дағы №93 балабақша меңгерушісі қол­дау көрсетті. Қартаң кісілердің алыс са­парға шаршамай-шалдықпай барып-ке­луіне арнайы бөлінген медицина ма­ма­ны күтім жасаса, дін өкілі Махмұд Пұр­ханов зиярат жасаған жерлерінде әулие-әмбиелер рухына құран бағыштап отырды.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
АҚПАРАТ 31 мамыр 2014 г. 993 0