ОЙЫ ҚҰНДЫ ҚАЛАМГЕР

Кезінде мемлекеттік қызметте болып, кей лауазым иелерінентеперіш көрген талай жандардың тағдырына араласқан, көргені мен көңілге түйгенін, естігені мен зердесіне тоқығанын аққағаз бетіне түсіріп,қалың оқырман қауымының игілігіне айналдыра білген Сейілбек аға Шаухамановтың қаламынан ірілі-ұсақты 15 кітап шығыпты. Әрқайсысының өз айтары, өзіндік көтерер жүгі бар дүние екені даусыз. Замандастары арасында публицист-жазушы болып танылған қаламгер жуырда Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігінеқабылданды.

Салтанатты рәсімде сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шауха­манұлының жазушы Шаухамановқа айналуы жолындағы бел-белестеріне тоқталды.

– Бүгінгі таңда Жазушылар одағында 800-ге тарта мүше бар, ал оның мүшелігіне өткісі келетінүміткерлер саны да жетерлік, –деді Ғалым Жайлыбай. – Демек, мүшелікке адам қабылдау жоғары жауапкершілікті қажет ететіні айдан анық. Секеңніңжарық көрген еңбектері өз оқырмандарынан лайықты бағасын алғандүниелер. Елдің көкейіндегісін айтатын азамат, мемлекет қамын ойлайтын қайраткер екені әр ісінен, жүйелі сөзіненбелгілі болып тұрады. Сондықтан да ардагер ағағаОдаққа мүшеліктің төсбелгісі мен кітапшасының тапсырылуықұптарлық іс деп ойлаймын.

Салтанатта сөз алған ардагер журналист Өтеген Жаппархан, облыстық тілдер басқармасының басшысы Ержан Уәйіс, облыстық "Сыр мектебі” газетінің редакторы Махмутбай Әміреев, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінің төрайымыҚаршыға Есімсейітова Сейілбек ағаның шығармашылығына, оның қаламынан шыққан кітаптардың құндылығына, оқырманға берер тәлім-тәрбиесіне тоқталды. Қарымды қаламгердің қаламынан шығар дүниеніңөз оқырманын табуынатілектестік білдірді.

 

Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.
АҚПАРАТ 31 мамыр 2014 г. 940 0