ЖАНАШЫРЛЫҚҚА ЖАН РИЗА

Қайырымдылық – халқы­мыз­дыңізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істер­дiң бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қол ұшын созу. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бас­тайды.

Осындай игі шараның бірі Сырдария ауданы, Айдарлы ауылындағы №139 орта мектебінде өтті. "Біз мектепке барамыз” республикалық акциясының барысында ұйымдастырылған акция "Біз – Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” ұранын негізге алды.

Басты мақсаты бірінші сынып табалдырығын аттағалы отырған, мектепалды даярлық тобы түлектерінің қатарындағы ата-ана қамқорлығынан айырылған жетім және көпбалалы отбасынан шыққан балалар, соғыс және соғыс мүгедектеріне жеңілдікберілген тұлғалардың балаларына көмек көрсету болып табылады.

Шараның 1-маусым халық­аралық балаларды қорғау мерекесі қарсаңында ұйым­дастырылуының да өзіндік маңызы зор.

– Мектебімізде ұйымдастыру комитеті құрылып, акцияны өткізудің іс-шара жоспары жасалды. Биылғы мектеп­алды даярлық топтары мен балабақша тәрбиеленушілерінің арасынанкөмекке мұқтаж отбасы балаларының есебі алынып, демеушілер тартылды. Акцияға, ата-аналар, мекеме басшылары мен ұстаздар қатысты. Мектепалды даярлық тобының бірқатар тәрбиеленушілеріне мектеп ұжымы тарапынан оқу құралдар табысталса, демеушілер мектеп формасы мен қаржылай көмек көрсетті, – дейді мектептің әлеуметтік педагогі Аманкүл Оспанова.

Акция аясында, сонымен бірге, "Менің алғашқы сыныбым” тақырыбы бойынша шығармашылық байқау өткізіліп, мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері – Жансая Бегалы, Ақтоты Серікбай, Аяна Шаметова, Ерсұлтан Самед пен Әділет Ермахан сынды топ озаттары "үздік” деп танылды. Ал топтың өнерлі тәрбиешісі Дәулет Қалдыбаев "Көк тудың желбірегені” әнін орындап, халықтың зор сүйіспеншілігіне бөленді. 1-сыныпқа келетін тәрбиеленушілер шағын мерекелік концерт қойып, балдай тәтті қылықтарымен көрермен қауымды тәнті етті. Мектеп директоры Гүлбану Смайлова демеушілік жасаған қайырымды жандарға алғыс білдіріп, мейірімі мол істің өз жалғасын таба беретініне сенім білдірді.

 

Назерке БАЙДІЛДАЕВА.
АҚПАРАТ 31 мамыр 2014 г. 1 014 0