« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қызылорда қаласында "Қайсар, епті, күшті болсақ – спортпен әрдайым жолымыз бір!” тақырыбында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің дәстүрлі 47-ші спартакиадасы өз жалауын көтерді.
Медициналық колледж базасында өткен салтанатты шараға барлық емдеу, алдын алу мекемелерінің қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты. Шараның мақсаты "Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын өңірімізде жүзеге асыруда саламатты өмір салтын ұстануға медицина қызметкерлерінің, бұқара халықтың назарын аудару болып табылады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен медицина саласы қызметкерлері кәсіподағы комитеті ұйымдастырып отырған спартакиада барысында қатысушы 21команда спорттың он бір түрінен сынға түседі. Атап айтқанда, шахмат, шашка, баскетбол, волейбол, қысқа және ұзын қашықтықтағы жүгіру, мини футбол, стол теннисі және биылғы ерекшелік,асық ату мен ләңгі тебу секілді ұлттық ойындардың енгізілуі болып отыр.
Жалпы, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында өткізілетін бұл спартакиаданың тарихы1966 жылдан бастау алады. Сол жылдары медицина қызметкерлері кәсіподағы комитеті салада жұмыс атқаратын жандардың денсаулық индекстеріне талдау жүргізеді. Қорытындысында жұмыс ауырлығы мен төменгі денсаулық иелері нақ осы денсаулық сақшыларының өздері болып шығады. Кәсіподақ комитетінің сол кездегі төрағасы Кеңесбай Қалиев облыстық денсаулық сақтау басқармасына қызметкерлер арасында денсаулық спартакиадасын өткізу туралы ұсынысын айтады. Сөйтіп бұл ұсыныс үлкен қолдауға ие болып, 1966 жылы мамыр айында алғаш рет өз жалауын көтеріп, түрлі спорттық жарыстар көрігін қыздыра отырып, маусым айының үшінші жексенбісінде болатын медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде өз мәресіне жетті. Сонан бері оны дәрігерлер арасында жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.
Биылғы спартакиаданың ашылу салтанатында сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәкен Серғазиев, медицина саласының ардагері Кеңесбай Қалиев және медицина саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Сапар Майлыбаев спартакиадаға қатысушы командаларды құттықтап, сәттілік тіледі, жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты шара онан әрі спорттық ойындармен жалғасты.
Бір ай көлемінде жүргізілетін спорттық сайыс қорытындысы жоғарыда айтып өткеніміздей, медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында жарияланатын болады.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |