МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ

Мемлекеттік қызмет көр­се­туге өтінішті қабылдауды және нәтижесін беруді Қы­зылорда облысы бойынша «Ха­лыққа қызмет көрсету ор­талығы» республикалық мем­лекеттік кәсіпорнының фи­лиалы, оның бөлімдері мен бөлімшелері жүзеге асырады.

Қызылорда облысының де­не шынықтыру және спорт басқармасының ауданның, об­лыстық маңызы бар қаланың дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жер­гілікті атқарушы органы ха­лық­қа қызмет көрсету орта­лықтары арқылы «Спорт шеберіне үміткер, бірін­ші спорттық разряд, білік­ті­лігі жоғары және орта дең­гейдегі бірінші санатты жат­тықтырушы, біліктілігі жоға­ры деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіс­кер, бірінші санатты спорт төрешісі» спорттық раз­рядтары мен санаттарын бе­ру мемлекеттік қызметтері көрсетіледі. Үстіміздегі жыл­дың мамыр айына дейін бас­қарманың халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 111 мемлекеттік қызмет көр­сетілді.

Мемлекеттік қызметтер көр­сету тәртібі туралы ақ­па­­ратқа қол жеткізу мен орын­­дары басқарманың оқу-спорт­тық бөлімінің ар­найы ақпарат тақтасында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Қа­зақ­стан Республикасы Үкі­ме­­тінің 2014 жылдың 20 ақ­па­нында бекітілген №118 қаулысының стандартында, Қы­зылорда облысы әкімінің 2014 жылдың 7 наурыздағы № 516 қаулысымен бекітілген регламенті мен Қызылорда облысы әкімдігінің веб-пор­талында сондай-ақ, мемле­кеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобалары Қа­зақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру іс­тері агенттігінің ресми Sport.gov.kz сайтында көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашық­тығын қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған түсіндіру жұ­мы­сы2014 жылдың 17 наурызы күні облыстық де­не шынықтыру және спорт бас­қармасының алқа мәжілісінде жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтай­лан­дыру нәтижелері бойын­ша стандарт негізінде құжат­тардың қысқартылуы және мемлекеттік қызмет көрсету негізінен қағаз жүзінде іске асырылады.

Мемлекеттік қызметтер көр­сету сапасын бағалау жә­не бақылау жөнінде уәкі­лет­ті орган Қазақстан Рес­публикасының Спорт және дене шынықтыру істері агент­тігі 2013 жылдың қыркүйек айында жүргізген мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау нә­тижесі бойынша барлық ат­қарылған мемлекеттік қыз­меттердің талаптарға сай екен­дігін көрсетеді.
АҚПАРАТ 29 мамыр 2014 г. 860 0