ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының бұйрығымен Қызылорда облы­сы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау депар­таментінің басшысы лауазымына Нұртаев Рзақұл Сәденұлы тағайындалды.

Нұртаев Рзақұл Сәденұлы 1960 жылы дүниеге келген. 1982 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері», 2001 жылы Мәскеу экономика және статистика институтын «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы «Қазахвзрывпром» тресінің Алма­ты құрылыс басқармасында жерасты жұмыстарында ұңғушы болып бастаған, 1984-1986 жылдары Байқоңыр қаласының №05909 әскери бөлімінде инженер, 1986-1987 жылдары Бай­қоңыр қаласының «Спецмашмонтаж» мекемесінде инженер, 1987-1990 жылдары Байқоңыр қаласының № 10992 әскери бөлімінде жұмыс өндіруші, 1990-1993 жылдары «Казтепломонтаж» мекемесінің бастығы, 1993-2001 жылдары Төретам кентінің әкімі, 2001-2004 жылдары «Инфракос» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры, 2005-2007 жылдары Қармақшы ауданының әкімі, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2008-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

2013 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымында қызмет атқарып келді.
АҚПАРАТ 29 мамыр 2014 г. 959 0