Қызылорда облысы кәсіпкерлерінің назарына!
Жеке бизнес ашу үшін мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурс жарияланады.
Конкурстың ұйымдастырушысы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ.
Орналасқан жері: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Журба көшесі 12, 305 каб; электронды пошта мекен-жайы: dpp_korda@maіl.ru; байланыс телефоны 8 (7242) 40-10-63.
Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (жеке бизнесін ашуға) өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар ұсыну.
Конкурстың нысаны: ашық конкурс.
Гранттарды ұсынудағы негізгі шарттар:
Жеке қаражатын салу: ұсынылған грант көлемінен 20%-дан кем емес.
Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі өтінім берілген уақытқа дейін бір күнтізбелік жылдан көп емес.
Кәсіпкерлердің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» экспресс-курстарында қысқа мерзімді оқудан өтуі конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарда ұсынылады:
Негізгі құралдар мен материалдарды алу;
Материалдық емес активтер алу;
Технологиялар алу;
Франшизаға рұқсат алу;
Жаңа технологияны ендіре отырып, жүргізілген зерттеу жұмыстарымен байланысты шығындар.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2013 ж. 22 қазаннан бастап 09 қарашаға дейін жұмыс күндері сағат 10-00-ден бастап 17-00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 2013 ж. 22 қазаннан бастап сағат 10-00-ден (жергілікті уақыт).
Өтінімді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2013 ж. 9 қараша сағат 13-ге дейін (жергілікті уақыт).
Алдын-ала өтінімдер қабылданады.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz сайтында танысуға болады.