« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Отандық шоу-бизнесте өзіндік қолтаңбасы бар Нұржан Керменбаев халықтың жүрегіне қоңыр үнімен, әуезді әндерімен әрқашанда жол таба білген әнші. Жұлдыздар шоғырындағы жас талант Нұржан Сыр өңірінде шығармашылық концертін берді.
Алатау етегіндегі әсем шаһардан келген әншіге құрмет ретінде "Арай” тобы да жыр қонған өлкеге табан тіреді.
Жүрек қылын тербейтін қоңыр үнімен, шынайылығы, дауысындағы өзгеше тембрі жұртты ұйыта білген әншінің «Есіңде ме?», «Іңкәрім», «Джаз әлемі», «Самға әуенім» атты әндері жастар арасында кең танымал.
«Superstar.kz» мега жобасының үшінші маусымында жұлдызы жанған жас әнші, "Гүлдей құлпырған Қызылорда жылдан жылға қарыштап дамып жатыр. Менің мұнда дос-жаран, бауырларым өте көп. Маған Сыр елінің бас қаласы қатты ұнайды. Жыр еліне айналған Сыр елінің халқына деген құрметімді, жүрегімдегі сүйіспеншілігімді әсем ән арқылы жеткіземін” – дейді жас дарын.
"Бүгінгі таңда қазақ эстрадасында аянбай тер төгіп жүрген ақын-композиторлардың барлығымен тығыз байланыстамыз. Соның ішінде есімдері елге белгілі Ұ.Жолдасов, А.Дүйсенов, С.Жолбарыс, А.Райымқұлова, Д.Шеңгелбаев сынды сазгерлердің туындыларын орындап жүрміз. Жалпы, біз ақын-сазгерлердің жас ерекшіліктеріне немесе танымалдылығына қатты мән бермейміз. Ең бастысы, тұшымды дүние болса болғаны” – деген әнші ендігі арманы алдағы уақытта өнердегі 10 жылдығын кең ауқымда атап өтпек ойы барын жеткізді.
«Арнау» дуэті туралы да жағымды жаңалық естіп қалдық. Биыл күзде дуэт жаңа әндерімен, бейнебаянымен тыңдармандарын қуантпақ. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, "Арнау” дуэтін енді басқа қырынан, яғни заманауи үлгідегі стильде көре алады десек те болады.
Былтыр қыстан бері "Арай” тобымен республика көлемінде гастрольдік тур ұйымдастырып келе жатқан әнші, 100-ден астам концерт бергенін айтады. "10-15 түтіні бар ауылдарға да концерт бердік. Біз үшін елдің ықыласы, көзқарасы маңызды. "Алтын алма, бата ал” деген қазақтың баласымыз, халқымыздың батасын, алғысын алып жүрміз!”-дейді.
Аздап ән шығаратын өнерің де жасырмаған Нұржан "Рас, кейде тәтті сезімнің жетегіне еріп, жүрегім ғашықтықтан тулағанда азын-аулақ әуендер көмейден төгілетіні бар. Менің жеке әндерімді сахналас әріптестерім, достарым орындап жүр. Мәселен, «Арай» тобының орындауындағы «Қасымда қал» және «Самға» атты әндерім осы кеште назарларыңызға ұсынылады. Тиісті бағасын патша көңілді тыңдармандар береді деп ойлаймын. Алдағы уақытта тың туындылар туса, соның ішінен оқ бойы озып шыққан бір шығармам менің сазгерлік «бойтұмарым» болып қалады деп үміттенемін.
Шығармашылығының өрістеуіне үнемі көңіл бөліп келетін әнші кеш шырайын кіргізіп, көптің көңілі әншімен бірге толқыды.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |