ЖАС ТУРИСТЕР ЖИЫНЫ

Қызылорда қаласында "Менің Отаным – Қазақстан” атауымен "Туризм нашақорлыққа қарсы” ұранымен жас туристердің облыстық слеті өтті.

Туристік слеттің мақсаты спорттық туризмді жандандыру, дене шынықтыру мәдениетін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашу болып табылады. Сондай-ақ, мектеп оқушылары арасында, туризм тәсілдері арқылы салауатты өмір салтыныңдағдыларын қалыптастыру, Елбасы Жолдауы­нан туындайтын іс-шара­ларды жүзеге асыру және ең мықты команданы өзара анықтау.

Қызылорда қаласы мен аудандардан 6 команда, 60-тан астам оқушы сынға түскен сайыс биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

«Азаматтық Альянс» қа­у­ым­дастығы, «Игілік» кор­поративтік қоры және об­лыс­тық дене шынықтыру жә­не спорт басқармасы, об­лыстықкәсіпкерлік және туризм басқармасы, Спорттық ту­ризм және туристік көп­сайыс федерациясының ұйым­дастыруымен Дария жағалауы туризмін дамыту мақсатында көпсайыс Сырдария жағасында өтті.

3 күнге созылған бағ­дарламада экологиялық десант, робинзониада, кедергілі алқап, туристік эстафета, арқан байлау, капитандар жарысы, дәмді түскі ас, плакаттар, азимут және топографиялық белгілерді анықтау, патриоттық тақырыпта әндер орындау бойынша жарыс­тар өтті.

Қорытындыда жалпы ко­ман­далық есеп бойын­ша Жа­ла­ғаш ауданының оқу­шы­ла­ры – бірінші, Шиелі жастары – екінші, ал Қармақшы ау­да­нының құрамасы үшінші орын алды.

Туристік слет қорытын­дысында жеңімпаз және жүлдегер командалар басқарма тарапынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Н.Сағадат.
АҚПАРАТ 24 мамыр 2014 г. 1 258 0