« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жуырда Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде «Қазақ халқының ұлтжанды асылы – Мұстафа Шоқай» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Біртұтас Түркістан мемлекетін құру жолында құрбан болған Мұстафа Шоқайдың тұлғасы күн өткен сайын биіктей бермек. Түбі бір түркі жұртының тағдыры талқыға түскен шақта басын бәйгеге тіккен, саналы ғұмырын ұлт мүддесі мен ел мұратына арнаған біртуар қайраткерге арналған конференцияға ғалымдар, тарихшылар, оқытушылар мен ЖОО тәлімгерлері қатысты.
Ғылыми-практикалық конференцияда колледж оқытушысы Н.Орымбай «Мұстафа Шоқай – тәуелсіздік жаршысы» атты баяндама жасап, өз ойын ортаға салды. Ал, жазушы Әмірхан Бәкірұлы Мұстафаның саяси өмір жолы мен қызметі, тарихтың әлі анықталмаған ақтаңдақ беттері туралы, "Болашақ” колледжі тарихшысы Қ.Қыпшақбаев М.Шоқай еңбектері мен кітаптары турасында тәлімгерлерге әңгімелеп берді.
Сондай-ақ, көпсалалы "Ұлағат” колледжінен А.Мырқиев, "Ақмешіт” колледжінен тарихшы К.Оспанова да өз ойларын ортаға салды. Азаттық күрескерінің ойлары мен идеялары бағытында студенттер мен конференцияға қатысушы қонақтар арасында пікіралмасу жүргізілді.
Шара барысында студенттер Мұстафаның балалық шағы мен өмірінен көрініс көрсетіп, тұлғаға арнап жазған өлеңдерін оқып берді. Кітапхана меңгерушісі Б.Ибрагимова М.Шоқайға арналған кітап көрмесімен таныстырып, жарық көрген еңбектері жайында тың деректер келтірді.
Өз ұлтын жанып сүйген, азаттық жолындағы күресте ел тарихында есімі алтын әріптермен айшықталған – Мұстафа Шоқай әркез "Ұлы күрескер” атағымен қалмақ.
<!-- [if !supportEmptyParas] --> <!-- [endif] -->
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |