ЛАЙЫҚТЫЛАР ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ

Облыстық әділет департа­ментінің кадрлық қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы әрекеттер мәселелерін қараған жиынға ҚР Әділет министрлігі Кадр қызметі департаментінің басшысы Қанат Тәжібаев қа­тысты.

Шарада министрлік өкілі Қанат Байболатұлы мен облыстық әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева саладағы жаңа заңдылықтар турасында баяндама жасап, оған қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында лайықтылар еңбегі бағаланды. Атап айтқанда, об­лыстық әділет департаменті бас­шысының орынбасары Т.Ле­серов "Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен, Қызылорда қала­лық әділет басқармасы бас­шысының орынбасары С.Ибраев "Әділет органдарының үздігі” төсбелгісімен марапат­талды. Сондай-ақ, бір топ сала мамандары мен БАҚ өкілдері министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың арасында республикалық "Заң” және "Айқын” газеттерінің облысымыздағы меншікті тілші­лері Бейбітбек Бүркітбайұлы мен Миуа Байназарова да бар.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
АҚПАРАТ 22 мамыр 2014 г. 859 0