ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК – ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС КЕПІЛІ

Қызылорда қаласындағы "Но­мад Палас” қонақүйінің мәжіліс за­лында "Чернобыль және Арал ба­лалары” қоғамдық қорының ұйым­дастыруымен "Аймақтың ынты­мақ­­тастық арқылы дамуы” бағдар­ла­масын жүзеге асыру аясында "Мүм­кіндігі шектеулі емес балалар үшін серіктестік құру” тақырыбында конференция болып өтті.

Жиынға мемлекеттік мекеме қыз­меткерлері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

"Чернобыль және Арал балалары” қоғамдық қоры Қызылорда қаласын­да 2000 жылдан бері айрықша қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетумен ай­налысады. Азаматтық қоғамды да­мыту ассоциациясының қолдауымен 2013 жылы қоғамдық қор облыстық төрт бейіндік үкіметтік емес ұйымы кіретін аймақтық үкіметтік емес ұй­­ымдарының ассоциациясын құр­­­­ды. Олар атап айтқанда, Қаза­лыдан "Шапағат” қоғамдық қоры, қармақшылық "Аңсаған”, Шиеліден "Алақай-Нұр” және Тасбөгет кен­ті­нен "Көкжиек” қоғамдық бір­лестіктері. Ағымдағы жылы ассо­циация мүшелері арнайы оқудан өтті. – Алайда, ассоцияция жұмысының жандануы үшін және топтық проб­лемаларды шешу барысында мемле­кеттік, үкіметтік емес және ком­мер­циялық ұйымдардың серіктестік құ­ру қажеттілігі туындады. Кон­фе­ренцияның басты мақсаты, мі­­не, осы. Яғни, мемлекеттік, үкімет­тік емес және коммерциялық ұйым­дардың арасында әлеуметтік серіктес­тік орнатып, сол арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қол­дауға арналған Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік бағдар­ла­масын аймақта жүзеге асыруға ық­пал ету, – дейді қоғамдық қордың ат­қарушы директоры Құралай Исаева.

Басқосуда сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Әлімжан Жарылқағанов елімізде мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ды қолдау бағытында атқары­лып жатқан жұмыстарға тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тілесе, "ҚазГермұнай” БК ЖШС бас директорының экономика және қар­жы жөніндегі орынбасары Жайық Махин және "Арго” қоғамдық ұйы­мының жетекшісі Мәдина Төле­пова, өзге де қатысушылар мүм­кіндігі шектеулі жандарды қол­дау, әлеуметтік әріптестікті дамы­ту бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде әңгімеледі.

Конференция соңында тақырып­қа қатысты ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, үндеу қабылданды.

 

Айнұр БАТТАЛОВА.


АҚПАРАТ 22 мамыр 2014 г. 1 034 0