«ФАРАБИ ӘЛЕМІ»

жас ғалымдар жетістігі

«Жастар еліміздің келешегі, ал білімді жас – мемлекетіміздің жар­қын болашағы» деген Ел­ба­сы ұстанымын ұстанған Қор­қыт ата атындағы Қызылорда мем­лекеттік университетінің шәкірт­тері «Фараби әлемі» атты сту­дент­тердің Халықаралық ғылыми конференциясынан жүлделі орын алып келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына орай өткізілген конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен шығармашыл студенттер, алыс-жақын шетелден оқытушы-профессорлар мен жастар қатысты.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенттері химия пәні бойынша ғылыми жұмыстарын сәтті қорғап шықты. Гүлжан Бүркітбаева, Назерке Керейтбаева, Айман Жұмахметова сынды дарынды тәлімгерлер үш жүзге жуық студент, магистрант және докторанттар қатысқан сайыста жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Химия ғылымдарының кандидаты Г.Төлегенова, Н.Аппазов, техника ғылымдарының кандидаты Р.Нарманова сынды білікті ұстаздар дайындаған шәкірттер болашақта химия саласында үлкен жетістіктерге жетсек дейді.

Конференцияға қатысқан студенттер мәселені зерттеудегі қолданбалық ерек­шелігіне қарай, зерттеу деңгейінің жоға­рылығына және тақырыптың мазмұнын толықтай ашып көрсеткеніне қарай марапаттарға ие болды.

Нұрбек САҒАТҰЛЫ.
АҚПАРАТ 22 мамыр 2014 г. 1 006 0