| « Қазан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы академия тарапынан ұсынылған «Өңірді дамыту үшін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» тақырыбында халық саны екі мыңнан асатын елді мекендерде 4 деңгейлі бюджет енгізілген қала, кент және ауылдық округі әкімдеріне арналған 80 сағаттық семинар ұйымдастырып отыр.
Айта кетейік, бұл семинар барлық филиалдарда бір мезгілде жүргізіледі.
Семинар «Жергілікті өзін-өзі басқару реформаларын жүзеге асыру құралдары» және «Жобалық менеджмент. Жобаны құру және қорғау» модульдерінен тұрады. 1 модуль 19-23 қараша аралығында, 2 модуль 4-8 желтоқсан күндері өткізілу жоспарланып отыр.
Семинардың мақсаты – өңірлер басшыларын елдегі және әлемдегі өзгерістерді жаңа қырынан танып, жаңа трансформациялық ойлау дағдысына үйрету, жобаны басқару салаларында практикалық дағдылар мен құзыреттерді дамыту.
«СБ» ақпарат.
| « Қазан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||