Сарбаздар ант қабылдады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2019 шекара қызметіне міндетті әскери қызметке алынған 83 сарбазәскери ант қабылдады.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысынан келген жас жігіттер Отан алдындағы борышын абыроймен атқаратындықтарын жеткізді.

"Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге, әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін”, – деген сарбаздар төл Армиямыздың айбынды әскері, мемлекеттің қорғаны, бейбітшіліктің тірегі боларына уәде етті.

Салтанатты шарада ата-аналар, бөлім командирі подполковник Владимир Колпаков, қала әкімі орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерлан Мұратбай, «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайратдин Баймаханов, наиб имам Нұржан Әбжанов сарбаздарға сәттілік тіледі.

 

Нұрбек Сағатұлы.


АҚПАРАТ 20 мамыр 2014 г. 1 181 0