АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

негізгі азық-түлік өнімдерінің 10 қыркүйектегі бағасы
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. 
Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
Қызылорда қаласы. «Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 75, жуа – 45, сәбіз – 75, қызылша – 100, қырыққабат 55 теңгеден сатылуда. 
Сондай-ақ, Қызылорда қаласының мөлтек аудандарында ашылған «Изобилие» әлеуметтік сауда дүкендерінде сиыр еті – 845, тауық еті – 399, қарақұмық жармасы – 105, қант – 146, өсімдік майы 250 теңгеден сатылса, «Ажар» сауда үйінде І сортты бидай ұнының бір келісі 52 теңгеден сатылып жатыр.
Арал ауданы. «Жеміс-Жидек» дүкенінде картоп – 70-80, жуа – 60-70, сәбіз – 100, қырыққабат – 80-100 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, ЖК «Т.Исмайлова» дүкенінде қант – 144, өсімдік майы 220 теңгеден сатылып жатыр. «Береке» базарында І сортты бидай ұнының бір келісі 53 теңгеден бағалануда. 
Қазалы ауданы. «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқаның 10 данасын – 160-170, картопты – 65-70, жуаны – 45-60, қырыққабатты – 55-70, сәбіз – 90-100, өсімдік майын 240 теңгеден алуға болады. 
Қармақшы ауданы. «Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде картоп– 80-90, сәбіз – 90, жуа – 50, қырыққабат – 60 теңгеден сатылса, ЖК «Бекмұрзаева», «Маржан» дүкендерінде І сортты бидай ұнының бір келісі 52 теңгеден сатылуда. 
Жалағаш ауданы. «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен І сортты бидай ұнының бір келісін 53, жұмыртқаны – 17, ал тауық етін - 450, өсімдік майын – 240, жуаны – 70, сәбізді – 90, қырыққабатты – 70 теңгеден алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында еттің бағасы 1200 теңге.
Сырдария ауданы. «Серікбол» дүкенінде картоп – 75, сәбіз – 85, қырыққабат – 60, жуа – 40, қант – 140 теңгеден. «Коммуналдық» базарында тауық еті – 425 болса, жұмыртқа 16 теңгеден сатылуда.  
Шиелі ауданы. «Ә.Шорабаев», «Мақсат» базарларында картоп – 65-70, жуа – 40-50, сәбіз – 80-85, қырыққабат – 50-60, жұмыртқаның 10 данасы – 160, ал, тауық етін – 410-450 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұнының бір келісі 53 теңгеден саудалануда. 
Жаңақорған ауданы. «Мағжан», «Нұржан» және «Нұрасыл» дүкендерінде картоп – 80, жуа – 40-45, қырыққабат – 55, сәбіз – 80, жұмыртқа – 15 теңге, І сортты бидай ұнының бір келісі – 56, тауық еті – 400-430 теңгеден бағалануда, сондай-ақ «Нұр» базарында еттің бағасы 1050 теңгеден сатылуда. 
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 204 0