| « Қазан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||
Сенбі күні аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыс орталығындағы "Қазан Құдай Ана иконасы” православтық шіркеуінде болып, жөндеу жұмыстарымен танысты.
Орыс православтық шіркеуі тарихи-архитектуралық және мәдени ескерткіштер қатарына жатады. 1865 жылы салынған көне кешенге биыл қайта жөндеу, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарына "Игілік” қоры арқылы 12, 8 млн. теңге бөлінді.
Ескерткіш кешеннің ағымдағы жөндеу жұмыстарын "КазРеставрация” мекемесінің облыстық филиалы жүргізіп жатыр. Ал, шіркеу ауласын абаттандыру, алаңы мен жолдарына қалақ тас төсеу және жарықтандыру жұмыстарымен "ЮгСанТехМонтаж” мекемесі айналысуда.
Сондай-ақ, протоиерей Виталийдің айтуынша, шіркеу келушілеріне арналып салынып жатқан қонақ үй алдағы уақытта толықтай аяқталады.
Нұрбек Сағадат.
| « Қазан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||