МЖӘ: ЖЕТПІС БЕС ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Мемлекеттік-жекешелік әріп­тес­тік, бұл – мемлекеттік және же­ке­меншік сектордағы инфра­құ­ры­лым­дық қызметтер мен қоғам­дық қыз­меттер көрсету жобаларын іс­ке асыру мақсатындағы ынты­мақ­тастық.

Мемлекеттік-жекеменшік әріп­тес­тік жобаларының мақсаты – елдің инфрақұрылымын дамытуға жеке капиталды тарту және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

Қазіргі экономикалық жағдай­да мемлекеттік-жекешелік әріптес­тіктің маңызы өте зор. Ол мемлекет пен бизнес арасындағы байланысты нығайтуда жаңа мүмкіндіктерді ашады және  экономиканың барлық саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдануды кеңейтеді.

Аймақта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында денсаулық сақ­тау, білім, спорт, мәдениет, көліктік инфрақұрылым, ақпараттық технологиялар, қоғамдық тәртіп, әлеу­меттік қамсыздандыру, энергетика салаларындағы 75 жоба жүзеге асырылуда.

Бұл жобалар Қызылорда қала­сында, аудан орталықтарында, ауыл­дық елді мекендерде жүзеге асыры­лып жатыр.

Оның ішінен бірнешеуін атап өтетін болсақ, Қызылорда қаласында «Тарлан» дене шынықтыру-сауық­тыру спорт кешенін айтуға болады. Аталған спорт кешені жылына 350 балаға спорттың 3 түрінен (бокс, таэквандо, ауыр атлетика) қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, денсаулық сақ­тау саласы бойынша 2018 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қызылорда қаласы И.Тай­манов көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған жаңа емхана ғимараты, Сырдария ауданы Ақжарма елді мекенінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Арал ауданы Бекбауыл елді меке­нінде, Қазалы ауданы Өркендеу елді мекенінде дәрігерлік амбулато­рияларды жылдың соңына дейін пай­далануға беру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда, тағы 15 ауылдық елді мекенде дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде. Оларды келер жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Әсіресе, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дене шынықтыру және спорт, білім салаларына арналған жобаларды жүзеге асыру қарқынды жүргізілуде.

Бибінұр ӘЛІБЕКОВА, 

облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы.

АҚПАРАТ 03 қараша 2018 г. 489 0