Бүгін, 26 сәуірде мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ баспасөзінің көрнекті өкілі Зейнолла Жарқынбаевты еске алуға арналған шахмат пен дойбыдан турнир өткізіледі.
Турнир бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жүргізіледі. Жарыс «Сыр медиа» ЖШС-ның жаңа ғимаратында (Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, нөмірсіз, «Шығармашылық үйінде») болады.
Жарысты Жарқынбаевтар әулеті, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалы мен «Сыр медиа» ЖШС ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ, 3 мамыр күні бильярдтан турнир өткізіледі.