« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Сыр өңіріне белгілі журналист, публицист, қоғам қайраткері Мырқы Исаевтың 90 жылдығына арналған «Мырқы Исаевтың рухани мұрасы» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияда «Иса Тоқтыбаев – М.Исаев зерттеулерінде» тақырыбында Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценті, тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Дастанбек, «Мырқы Исаев поэзия жанрында» деген тақырыпта университет доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева, «М.Исаев – Текей батыр мұрасын алғашқы зерттеуші» тақырыбында университеттің ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Ахметбек баяндама жасады.
Сондай-ақ конференцияда ардагер-журналист туралы Қазақстанның халық ақыны Надежда Лушникова, облыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Ж.Ақсақалов естелік пікірлерін білдірді.
Сол күні ардагер-журналистің ұрпақтары әке рухына арнап, жиналған жұртшылыққа ас берді.
Ж.ӘЛМАХАН.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |