Құрметті қауым!

Сіздерді 21-22 қазан күндері Қызылорда қаласында және Шиелі кентінде өтетін «Алтын күз-2013» мерекесі мен ақын, әнші-сазгер Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Алты Алашқа аты мәшһүр Иманжүсіп» атты мерекелік шараларға қатысуға шақырамыз.
Бағдарламада:
21 қазан сағат 10.00-де

«Алты Алашқа аты мәшһүр Иманжүсіп» атты ғылыми-практикалық конференциясы
Өтетін орны: Қызылорда қаласы Болашақ университеті
Сағат 11.00-де
«Даланың дархан тұлғасы» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы
Өтетін орны: Шиелі кенті Бұдабай атындағы аудандық мәдениет үйі
Сағат 16.00-де

«Ақ балдақ алмасымның сынығысың» атты республикалық ақындар айтысы және Иманжүсіп Құтпанұлының әндерін орындаушылардың фестивалі
Өтетін орны: Шиелі кенті, Салтанат сарайы
22 қазан күні сағат 09.30-да
Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі
Өтетін орны: Шиелі кенті Ыбырай Жақаев көшесі
Сағат 10.00-де
«Алты Алашқа аты мәшһүр Иманжүсіп» атты театрландырылған қойылым және республикалық ақындар айтысының ақтық сайысы
Өтетін орны: Шиелі кенті Орталық стадион
Сағат 10.30-да
«Алтын күз-2013» мерекесіне орай сала үздіктерін марапаттау
Өтетін орны: Шиелі кенті Орталық стадион
Сағат 11.00-де
Қазақстан эстрада жұлдыздарының ән шашуы
Өтетін орны: Шиелі кенті Орталық стадион
Сағат 18.00-де
Қазақстан эстрада жұлдыздары Каспий тобы, Клара Төленбаева, Бауыржан Оспанов және т.б. өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт, мерекелік отшашу.
Өтетін орны:
Шиелі кенті Орталық стадион
Келіңіздер! Мерекелік іс-шаралардың куәсі болыңыздар!
АҚПАРАТ 19 қазан 2013 г. 1 764 0