Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев III "Байқоңыр” инвестициялық форумына арнайы келген меймандарды қабылдады.
Мәртебелі меймандар арасында Астанадағы АҚШ дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Майкл Клечески, Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің Орталық Азия бойынша денсаулық сақтау, жаңа технология, білім, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық өкілі Дэвид Парадайс, Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы бөлімшесінің директоры Джанет Хэкман және Австрия, Ресей, Қытай компанияларының өкілдері болды. Инвестициялық форумға қатысуға келген елшілердің біздің аймағымыздағы бұл алғашқы сапары. Қабылдауда меймандар аймақта жүзеге асатын инновациялық технологиялар мен бизнес жобалар жайын талқыға салды. Сондай-ақ, облыстың экологиялық жағдайын жақсарту, құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жайын және Арал теңізіндегі су деңгейін қалпына келтіру бағытындағы мәселелерді қозғады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.