« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттілікті нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдықты белгілеп берді. Оның бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Онда: «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Сонымен қатар, сыбайлас жемқор-лықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс», – делінген. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері көрсетілген.
Бұл ретте өз құзыреті шегінде облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізуде. Облыс әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялануда. Басқарма қызметкерлері арасында «дөңгелек үстел» өткізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізілуде.
Д.АБЖАЛИЕВ,
облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы – мемлекеттік инспекторы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |