Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 26 сессиясы 2014 жылғы 15 сәуірде сағат 15-00-де Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі жаңа ғимаратта ашылады және сессияның күн тәртібіне мына мәселе ұсынылады:
1. «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №164 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2014 жылғы 15 сәуірде сағат 11-00-де өткізіледі.
Облыстық мәслихат.